Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында міндетін тиісінше орындамаған 24 ата-ана жауапқа тартылды

Жамбыл облысында міндетін тиісінше орындамаған 24 ата-ана жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері әлеуметтік қызметтер және психологтармен бірлесіп, мектептерде, сондай-ақ жастар көп жиналатын көшелерде бірқатар дәрістер мен тренингтер ұйымдастырды.

Жасөспірімдермен олардың әрекеттері үшін жауапкершілігі, буллингке қарсы күрес, топтық төбелестер мен есірткіге байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлер заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, құқық бұзушылықтың салдары қандай болатынын түсіндірді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары мектептердің маңайындағы және қоғамдық орындардағы жағдайды бақылап, құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін факторларды анықтады.

Тек бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері 461 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, 24 жағдайда ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамауы, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында жүруінің – 21, ұсақ бұзақылықтың – 7 дерегі,  жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 225 жағдайы тіркелді.

– Алдын алу шаралары жасөспірімдердің күнделікті мінез-құлқына оң әсерін тигізіп қана қоймай, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастырады. Біздің басты мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіз және қолдау көрсетілетін ортада дамуға мүмкіндік беру, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру