23 жастағы жігіт Ақтөбе облысы Байғанин ауданының 15 тұрғынын алдап кетті
23 жастағы жігіт Ақтөбе облысы Байғанин ауданының 15 тұрғынын алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың сәуір айының басында жергілікті тұрғындар Байғанин АПб-не жүгіне бастады. Олардың айтуынша, олар өткен жылдың басында Атырау облысының Теңіз қаласындағы мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға уәде берген алаяқтың құрбаны болған.
Байғанин АПБ қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында Маңғыстау облысының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жігіт әлеуметтік желі арқылы мұнай компаниясына жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру беріп, жұмысқа орналасқысы келетіндермен телефон арқылы әңгімелесу өткізген, оның қажетті байланыстары бар екеніне сендіріп, әр үміткерден 100 мың теңгеден алған. Ақшаны алған күдікті біраз уақыт бұл мәселе сол күні шешіледі деп уәде беріп, содан кейін байланысқа шықпай қалған. Осыдан кейін ғана жәбірленушілер өздерінің алданып қалғанын түсініп, полицияға жүгінуге шешім қабылдаған.
Күдікті осылайша еліміздің бірнеше облысының тұрғындарын алдаған, Байғанин ауданының өзінде алаяқтың қолынан 15-тен астам азамат зардап шегіп отыр. Күдікті алдау арқылы алған ақшасын букмекерлік кеңселердегі ставкаларға салып отырған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.