Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында студенттер жария сот отырысына қатысты

Жетісу облысында студенттер жария сот отырысына қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданааралық сотында синтетикалық есірткі заттарын таратты деп айыпталған жасөспірімге қатысты жария сот процесі өтті. Іс-шара есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңестің бастамасымен және облыстық прокуратураның үйлестіруімен ұйымдастырылды.

Сот отырысына Талдықорған қаласы мен Көксу ауылшаруашылық колледждерінен студенттер қатысты. Бұл шара жастардың есірткіге байланысты қылмыстар үшін жауапкершіліктің ауыр салдарын түсінуіне бағытталды.

Сотталушы “Д” есімді жасөспірім, сату мақсатында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға “жеңіл жолмен” ақша табуға деген ұмтылыстың ауыр салдарға әкелетінін көрсету. Ұйымдастырушылар есірткіні қолданудың зиянын ғана емес, оны таратқан жағдайда туындайтын қылмыстық жауапкершілік туралы түсініктің маңыздылығына назар аудартты.

Үкім жарияланғаннан кейін Кеңес мүшелері, полиция және прокуратура өкілдері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, заң талаптарын және құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.

Кездесудің басты нәтижесі — қатысушылардың “есірткі – бұл зұлымдық” деген ортақ пікірге келуі болды. Студенттер сот процесі олар үшін үлкен моральдық сабақ болып, өмірлік құндылықтарды қайта қарауға себеп болғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру