Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагер Игілік Тасимовтың отбасына құрмет көрсетілді

Ардагер Игілік Тасимовтың отбасына құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына орай, Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы  Азамат Ізтлеуов Ұлы Отан соғысы және ҚАЖ саласының ардагері Игілік Тасимовтың шаңырағына арнайы барып, отбасын мерекемен құттықтады, жүрекжарды лебізін білдірді.

Салтанатты кездесу барысында департамент басшысы ардагердің ел үшін атқарған ерен еңбегіне тоқталып, оның ерлік жолы жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс екенін ерекше атап өтті. Ардагердің ұлы және отбасы мүшелерімен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, департамент атынан зор алғыс пен ықыласын жеткізді.

– Еліміздің тыныштығы мен бүгінгі бейбіт өмір – Сіздің әкеңіз сынды ер жүрек ардагерлердің жанқияр ерлігі мен табанды күресінің жемісі. Ол кісінің өмір жолы – біз үшін қасиетті мұра, – деді Азамат Ізтлеуов.

Игілік Тасимовтың ұлы да көрсетілген ілтипат пен қамқорлыққа шынайы алғысын білдіріп, ҚАЖ саласында қызмет атқарып жүрген жас мамандарға сәттілік тіледі.

Бұл кездесу – ардагерлерге деген шынайы құрметтің белгісі ғана емес, өскелең ұрпақтың жүрегіне Отанға деген адалдық пен сүйіспеншілікті сіңірудің жарқын үлгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру