Астана полицейлер күдіктіден гашиш майын тәркіледі
Астана полицейлер күдіктіден гашиш майын тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімі жүргізген жедел іс-шаралар барысында 24 жастағы студент ұсталды. Ол есірткі заттарын ірі көлемде сақтады деген күдікке ілінді.
Ұстау кезінде жас жігіттің сөмкесінен 100 дана пластикалық капсула табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттың есірткі құралдарына жататын каннабис майы (гашиш майы) екені анықталды.
Тергеу барысында күдікті капсулаларды әлеуметтік желідегі мобильді қосымша арқылы жеке қолдану үшін сатып алғанын мойындады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.