Қызылорда облысында полиция мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушіні ұстады
Қызылорда облысында полиция мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 19-22 күндері аралығында өтіп жатқан "Мотокөлік" іс шарасы барысында 20 шілде күні Іңкардария ауылында Jelmaia мотокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде басқарғаны анықталды. Жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижесі бойынша, құқық бұзушының женіл дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.
Оған қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1 – бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) хаттама рәсімделді. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Масаң күйде көлікті басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.