Елорда мектептерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша дәрістер өтіп жатыр
Елорда мектептерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша дәрістер өтіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада Қазақстан Республикасында 2023–2025 жылдарға арналған есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары аясында, сондай-ақ "Esirtkisiz Elorda" жобасы шеңберінде "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында профилактикалық дәрістер өткізілуде.
Іс-шараларға полиция қызметкерлері, кәсіби психологтар мен "Астана жастары" ұйымының еріктілері қатысып, оқушыларға есірткіге тәуелділіктің пайда болу себептері, оның адам ағзасы мен қоғамға тигізетін зиянды салдары, сондай-ақ алдын алу жолдары туралы түсінікті әрі жан-жақты ақпарат беруде.
Дәрістер барысында жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, зиянды әдеттерге қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруы және салауатты өмір салтының маңызын ұғынуы басты назарға алынған.
Мұндай кездесулер оқушылардың есірткі заттарын қолданумен байланысты қауіп-қатерлер жөніндегі хабардарлығын арттырумен қатар, жастар арасында есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға, спортпен айналысуға және белсенді азаматтық ұстанымды нығайтуға бағытталған.
Алдын алу шаралары тұрақты түрде жалғасып, елорданың барлық оқу орындарын қамтуды көздейді.