Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері 9 айдың жұмысын қорытындылады

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  2025 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылау бойынша жедел кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары қатысты. Жедел кеңесті департамент бастығының міндетін атқарушы  Жәнібек Зиябеков ашып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде министр Ержан Саденовтың басшылығымен өткен алқа отырысында берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді.

Одан соң қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызмет жұмысының қорытындылары туралы штаб тобының бас маманы Элвира Даутбаева жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды. Мекеме басшылары да 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

Жәнібек Зиябеков ҚАЖД мекемелерінде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін атап өтіп, жіберілген кемшіліктерді жоюға тапсырма берді. Мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, оларға көрсетілетін тәрбиелік, медициналық, психологиялық және теологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды, сондай-ақ пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жедел кеңеске ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Шәкіұлы да қатысты. Ол өз сөзінде кадр жұмысы бойынша бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мен тәрбиелік жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру