Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

25 жастағы павлодарлық 20 күнге қамауға алынды

Павлодар қаласында жол-көлік оқиғасын жасаған 25 жастағы павлодарлық 20 күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 25 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.
Жас жігіт Бектұров к. 109 үйдің ауласында бола тұра, “Mercedes” маркалы автокөлік иесінің рұқсатынсыз автомашина руліне отырған, ал оның бұған жүргізуші куәлігі де болмаған.

Шамамен 150 метр жүріп өткен соң, ол тоқтап тұрған “Toyota” көлігін қағып кетті. Сараптама қорытындысына сәйкес жігіт орташа дәрежеде мас күйінде болған. Жүргізуші куәлігі болған жоқ, өйткені оқымады.


Жол ережесін бұзғаны үшін Павлодарлық тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБК 608-баптың 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Сот шешімімен Павлодар қаласының тұрғыны 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, павлодарлық автокөлік ұрлағаны үшін заңға сәйкес жауап беруі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру