Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

26 тонна есірткі айналымға жіберілмеді – миллиондаған өмір сақталды

Есірткі қылмысына қарсы күрес нәтижесінде елімізде 26 тонна есірткі айналымға жіберілмеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Бұл ретте көршілес мемлекеттердегі әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.

26 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 1 тоннадан астам "синтетика" айналымға жіберілмеді.

Бұл 11 миллион бір реттік дозаға тең.

Осылайша миллиондаған азаматтың өмірі мен денсаулығы, мыңдаған отбасының тағдыры қорғалды.

16 ұйымдасқан қылмыстық топ, 12 есірткі зертханасы және 93 фитозертхана жойылды.

Есірткі қылмыстары үшін заңнамамен қатаң санкциялар көзделген.

— Есірткі өндіру және таратқаны үшін әрқайсысына бөлек жауапкершілік көзделген. Есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Осындай 3600-ден астам деректің жолы кесілді. Есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен өндірушілерге қатысты жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін күшейтілді, — деді ішкі істер министрі.

Есірткі қылмыстарының алдын алу шеңберінде есірткі сайттары мен жарнамалары бұғатталуда. Күмәнді операциялар жүргізілген шоттардың жұмысы тоқтатылуда.

Профилактикалық шаралардың тәсілдері қайта қаралды. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңес құрылды. Есепте тұрған азаматтармен және жастармен нысаналы жұмыс жүргізілуде.

Түзеу мекемелерінен жазасын өтеп шыққан 1218 "есірткі жасырушы" волонтер ретінде алдын алу шараларына тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру