27 жастағы қарағандылық бөтеннің пәтеріне кіріп, ұялы телефонын ұрлап кетті
27 жастағы қарағандылық бөтеннің пәтеріне кіріп, ұялы телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 шілдеде 43 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу сөмкеден 50 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткенін айтты. Жәбірленушінің өзі сол сәтте мас болғандықтан, телефонды қай жерде ұрлатқанын есіне түсіре алмады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, телефонды есікті жаппаған жәбірленушінің пәтерінен ұрланғанын түсіндірді.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.