28 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмысты ашқан полиция қызметкерлері алғысқа бөленді
28 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмысты ашқан полиция қызметкерлері алғысқа бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Марқұм қыздың анасы ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың атына алғыс хатты жолдады.
– Құрметті Марат Ахметжанов! Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, атап айтқанда, Серік Баймұхановтың, Айбек Шәкірбаевтың, Шыңғожин Асқардың, Әкімжан Ниетбаевтың, Бердібек Тәжібаевтың, Шамен Әділеттің ерен еңбегін атап өтуіңізді сұраймын. Бұл қызметкерлер қызымның өлімін ашу үшін төрт ай бойы тыныштықты, отбасын, бала-шағасын көрмеді. Полиция қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашуға барынша әрекет етті. Ал полицейлердің кәсібилігі, айқындылығы мен іс-әрекеттерінің бірізділігінің арқасында қызымды өлтірген адам ұсталып, соттың шешімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Алматы тұрғыны.
Алматы қалалық ПД бастығының бұйрығымен полицейлер – Серік Баймұханов, Асқар Шыңғожин, Бердібек Тәжібаев, Әкімжан Ниетбаев “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
Айбек Шәкірбаев грамотамен марапатталса, Әділет Шәменге алғыс жарияланды.