Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 рет сотты болып, пәтер тонаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері 3 рет сотты болған пәтер ұрысын ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ордабасы аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлғалар оның үйінен әшекей бұйым мен ноутбугын ұрлап кеткендігін жеткізеді. Аудандық полиция бөлім қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы ( «Ұрлық») бойынша тіркеуге алып, іс қозғайды.  Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 245 000 теңге.

Тұрғын-үйге ұрлыққа түсушілерді анықтау, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі де білікті полицейлерден арнайы топ құрылды. Олар жедел- іздестіру шараларын жүргізіп, жақын маңдағы бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің ізіне түседі. Яғни күдікті өз туысының үйіне қонаққа келген Шардаралық тұрғын болып шығады. Осылайша күдікті осыған дейін 3 рет пәтер ұрлығы және 1 рет тонау бойынша сотты болғандығы да анықталды.

Полицейлердің қырағылығының арқасында қылмыс дер кезінде ашылды. Белгілі болғандай күдікті таңертеңгі уақытта үй иесінің жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа түскен.

Қазіргі таңда ол қамауда. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша оның басқа да қылмыстық істерге қатысы болуы мүмкін.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ұрылардан сақ болып, тұрғын-үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштарды орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, ұрылардың жолын кесу мақсатында есіктеріңізге мықты құлыптар, терезелеріңізге темір тор орнатуларыңызды сұрайды.

Егер үйіңізге ұры түсіп, мал-мүлкіңіз ұрланса немесе күдік тудыратын жайт орын алса тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру