3 тұрғын ауылдастарының үйлерін тонап келген
Алматы облысында ұрылар тобы ұсталды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Рудничный кентінің үш тұрғыны ауылдастарының үйлерін тонаған. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.
– Біз үйге жасырын кіріп, әр түрлі бағалы заттарды ұрлаған 34 және 25 жастағы үш жергілікті тұрғынды анықтадық. Жалпы шығын көлемі 650 мың теңге шамасын құрады. Бүгінгі таңда үш күдікті ұсталып, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы жауап алу мақсатында қамаққа алынды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – дейді Текелі қалалық ПБ бастығы Ұлан Садыков.
Осы қылмыстарды ашуға және күдіктілердің жеке басын анықтауға жедел уәкілдер мен Рудничный кентінің учаскелік инспекторы Ербол Аманбаевтың бірлескен жұмысы ықпал еткен. Ербол Аманбаев «Ерлігі үшін» медалімен екі рет марапатталған.