Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

30-дан астам адамды алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық жолмен ақшасынан айырылғаны туралы арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленуші хабарлағандай, мемлекеттік бағдарлама арқылы әлеуметтік көмек алуға уәде беріп, күдікті оның туысқандарынан 250 мың теңге жинаған, алайда уәдесін орындамады. Бұдан басқа, полицияға ұқсас арыздармен бірнеше жәбірленуші арызданған, олар да осы алаяқтың құрбаны болған.

Бұл фактілерді ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Полиция қызметкерлері бірден қылмысты ашу және ондаған ауыл тұрғындарын алдаған алаяқтарды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті.Тәртіп сақшылары қажетті шаралар кешенін жүргізді. Соның ішінде жәбірленушілерден жауап алған, олардың белгілері бойынша күдіктінің жеке басын анықтады. Жиналған ақпараттардың нәтижесінде, жедел уәкілдер Шымкент қаласының көшелерінің бірінде күдіктіні құрықтады. Ол бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әлеуметтік көмек алуға уәде беріп, азаматтардың сеніміне кірген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жәбірленушілерден 30-дан астам арыз келіп түсті.Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықтап жатыр. Ер адам қамауға алынды.Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Күмәнді қызметтерді уәде еткен белгісіз тұлғаларға ақша мен жеке деректерді сеніп тапсырудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру