Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"30 млн теңгеден айырылып қала жаздадым": ауыл тұрғыны полицейге алғыс айтты

Ауыл тұрғыны Павлодар облысындағы учаскелік полиция қызметкеріне алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жұмысының тиімділігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің оң нәтижелері туралы пікірлер тәулік бойы қызмет атқаратын қызметкерлердің жұмысының маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Тереңкөл ауданының полициясына Алтай ауылының тұрғыны Наталья Двинянинадан келіп түскен алғыс хат осының айқын мысалы.

Ол хатта былай деп жазған: "Менің телефоныма 1414 орталығынан SMS хабарлама келіп түсті, онда Қазпоштаға хат келгені туралы айтылып, SMS-кодты жіберуім керек болды. Белгісіз адамдар өздерін пошта қызметкерлері ретінде таныстырды, менің барлық деректерімді, тұрғылықты мекенжайымды атап берді және курьермен хат жіберетіндерін мәлімдеді. Сол себепті мен оларға кодты айттым. Кейін мен пошта қызметіне қоңырау шалып, оларда курьерлік жеткізілім жоқ екенін білдім. Қатты қорқып, бірден біздің учаскелік полиция қызметкері Рустам Нәжімиденұлына хабарластым. Ол тез арада жауап беріп, менің 30 миллион теңге көлеміндегі несиелерімді рәсімдеуге қатысты әрекеттерді болдырмауға көмектесті. Рустам Нәжімиденұлының кәсібилігінің арқасында мен ешқандай шығынға ұшыраған жоқпын. Мен оған осындай нақты әрі үйлесімді әрекеттері үшін алғысымды білдіремін. Оған мықты денсаулық пен мансаптық өсу тілеймін, сондай-ақ ата-анасына осындай ұлды тәрбиелегені үшін рақмет айтамын".

Учаскелік полиция қызметкері Рустам Нәжімиденұлы өзінің қызметінде "Заң және тәртіп" қағидатын ұстанады, ол ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы негізгі міндеті болып табылады. Халықтың сенімі – азаматтарды тыңдау және олардың сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беру дегенді білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру