Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 30 жаяу жүргіншілер өткеліне ескерту жазбалары қойылды

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткеліне жаяу жүргіншілерге ескерту жазбаларын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-мен бірлесіп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелері, жаппай жаяу жүргіншілер бару орындары мен әлеуметтік маңызы бар объектілердің жанындағы 30 жаяу жүргіншілер өткеліне жаяу жүргіншілерге ескерту жазбаларын қойды.

Ересектер мен балаларға жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін ескертетін бұл жазбалар жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда қолданылады.

Мұндай жазулар жаяу жүргіншілердің назарын олардың жолдағы қауіпсіздігіне аударады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру