300-ге жуық шымкенттік қаржы пирамидасының құрбаны болды
Қала тұрғындарының сеніміне кіріп, 500 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған «Гарант 24 ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұдан алдын, салымшыларды алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын
келтірген «Estate Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталғаны туралы
хабарланған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған ЖШС-лардан
зардап шеккендерді жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуды немесе
«102» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.