31 жастағы із-түссіз жоғалған СҚО тұрғыны орман ішінде тұрып жатқан жерінде табылды
31 жастағы із-түссіз жоғалған СҚО тұрғыны орман ішінде жеркепеде тұрып жатқан жерінде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Тайынша ауданындағы Димитровка ауылының 31 жастағы тұрғынын іздеп тапты. Ер адам дін аман. Осы күндері ол Есіл ауданына қарасты Торанғұл ауылының маңындағы орманда тұрған.
Жоғалған ауыл тұрғынын іздестіруге өтініш Тайынша ауданының полиция бөліміне 30 қыркүйекте келіп түсті. Анасы жоғалып кеткен ұлының 29 қыркүйек күні кешке ВАЗ-21120 автокөлігімен белгісіз бағытқа кеткенін айтып түсіндірді.
Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұловтың айтуынша, іздеу жұмыстарына Тайынша, Есіл, Қызылжар, сондай-ақ облыстық полиция аппаратының қызметкерлері тартылған. Барлық полиция бөліністеріне бағдарлар жіберілді, сондай-ақ еріктілер мен ірі қоғамдық бірлестіктердің әкімшілері әлеуметтік желілерде із-түссіз жоғалған адамның суреттері мен белгілері бар жазбалар орналастырды. Полиция қызметкерлерінің, жергілікті тұрғындардың және еріктілердің қарқынды іздестіру жұмыстары нәтиже берді. Жергілікті тұрғындардың бірі полицейлерге Торанғүл мен Иверск арасындағы жолда қараусыз қалған ВАЗ көлігін көргенін айтты.
Анықталғандай, автокөлік із-түссіз жоғалған адамға тиесілі болып шықты. Полиция қызметкерлері аумақты түгелдей шарлап шықты, қызметтік-іздестіру иттері, сондай-ақ квадрокоптер ұшу аппаратын пайдаланды.
Нәтижесінде ер азамат орманда аман-есен табылды. Осы күндері, 29 қыркүйектен 2 қазанның таңына дейін, ол орманында болған; шұңқыр қазып, жеркепе құрастырып, алмамен қоректенген. Ер азамат туыстарына қайтарылды, үйден кетуінің себептері анықталуда.
Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер хабар-ошарсыз жоғалғандар бойынша 323 өтініш қабылдады, оның 318-і бүгінде табылды. Көп жағдайда полиция қызметкерлеріне еріктілер мен бейжай қарамайтын адамдар айтарлықтай көмек көрсетті.