Отбасында жиі жасалынатын құқық бұзушылықтар азаяр емес
Петропавлда 13 отбасы бұзақысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Петропавлда 3 отбасы-тұрмыстық қатынастарға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерімен тіркелді. 96 Петропавлдықтарға әкімшілік жаза қолданылып, 9 жағдайда отбасылық жанжал дене жарақатын алған әйелдер аурухана жатқызылды.
Сотқа жіберілген 76 материал Әкімшілік кодексінің 73-бабы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша тіркелді. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, олардың көпшілігі болған әрекеттер үшін кешірім береді. Барлығы 13 отбасы бұзақысы әкімшілік қамауға алынды.
14 ақпанда 32 жастағы әйел азаматтық күйеуінің құрбанына айналып түрлі дене жарақатынмен ауруханаға түскен. Аталған дерек денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша бірыңғай тізілімге енгізілді. Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі бойынша бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Алайда дене жарақаттарына қарамастан 35 жастағы күйеуіне сол күні кешірім берген. Әйелдердің мұндай «кешірімді» ұстанымы ұрып-соғу қарым-қатынасын үйреншікті әдетке айналуына әкеледі.
Петропавл ПБ-да әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын топ бар (тел. 39-48-56), онда сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша байланыса аласыз», -деді жергілікті полиция қызметінің орынбасары Айдын Ахмағамбетов.