Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

333 қолайсыз отбасы есепке алынды

Жамбылдық полицейлер ата-аналарға өз балаларына жеткілікті көңіл бөлу қажеттігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қолайсыз орта – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың кең таралған себептерінің бірі. Отбасының бұзылуы, мектептегі сәтсіздік – балаларды үйден тыс қарым-қатынас іздеуге итермелейді, жас жеткіншек ата-аналармен байланыс тапшылығының орнын осылайша толтырады.

Отбасынан және мектептен кетіп, жасөспірім бейресми топтарға кіріптар болады. Ең өкініштісі, олардың көпшілігі мұндай топпен арақатынасын үзгісі келмейді, олар бұл ортаны жақын тұтып, олардың әрекетін дұрыс деп қабылдап, сенімді деп ойлайды.

2020 жылдың 11 айында Жамбыл облысының ІІБ ювеналды полиция бөліністерімен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.

Ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар үшін 8 425 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 486 жасөспірім және 333 қолайсыз отбасы есепке алынды. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін девиантты мінез-құлқы бар және ерекше режимде ұстайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке 20 кәмелетке толмаған орналастырылды, 56 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар ата-аналық құқықтарынан айырылды, ІІО-ға құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың жеті тобы есепке алынды, оларда осындай үш топтың, оның ішінде тоғыз адамның түзелуіне және топтан кетуіне байланысты 17 адам есептен шығарылды, осындай 37 топ, оның ішінде 79 жасөспірім есепте тұр. Есепте барлығы 253 жасөспірім тұр.

– Құқықтық сауаттылықты арттыру тек жасөспірімдердің ғана емес, олардың ата-аналарының да тұлға болып қалыптасуының қажетті элементі болып табылады. Ата-ананың баласына жақын болу белсенділігі – сәттіліктің кепілі. Жасөспірім рұқсат етілген шектерден алыс болмауы үшін, заң шеңберінен аттамауы, адамгершілік тұрғыда құлдырамас үшін ата-аналар оған жеткілікті назар аударуы керек, оның мінез-құлқын, мектептегі үлгерімін бақылап, оның мүдделерін, қызығушылығын, әлеуметтік шеңберін білуі керек, сондықтан баланың дағдыларын дамытып, барлық жағынан көмектесіңіз және жай ғана жақын болыңыз! – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру