Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бостандық ауданының тұрғындары тәртіп бұзды

Алматы қаласының Бостандық ауданында 350-ге жуық тұрғын карантин тәртібін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бостандық аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, қалада карантин енгізілгеннен бері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 344 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен олардың 64-і әкімшілік қамауға алынды, 196-на айыппұл салынды, тағы 44 адамға ескерту берілді.

«Төтенше жағдай режиміне байланысты полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды және тәулік бойы екі ауысымдық режимде қызмет етеді. Атап айтқанда, жаяу патрульдерінің жұмысы қоғамдық орындарға, қиылыстар мен қаланың көшелеріне бағытталған. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру үшін аудан әкімдігімен бірге арнайы мобильді топ құрылды. Сонымен қатар, біздің бөлімшенің жеке құрамы қаланың периметрі бойынша екі үлкен кедергілердің жұмысына, сондай-ақ карантинге жатқызылған инфекция ошақтарын оқшаулауға қатысады. Егер азаматтар карантин режимін бұзса, бұл жағдайда, ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы күндері сот отырысы онлайн режимінде өтуде», – деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру