Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

38 жастағы тұрғын бірнеше рет мал ұрлаған

Қызылордалық полицейлер бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

22 сәуір күні түнгі уақытта белгісіз адам Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округі тұрғынының мал қорасынан құны 600 000 теңге тұратын бір бас жылқыны жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.

25 сәуір күні полицейлермен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті 38 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында оның былтыр желтоқсанда Қызылорда қаласында мал ұрлығының ауыр санаттағы екі дерегін, биылғы жылдың басында бір мал ұрлығына қатыстылығы анықталды.

Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда күдікті кінәсін мойындап, Жалағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

– Облыс көлемінде биыл төрт айда 153 мал ұрлығы тіркеліп (былтыр – 159), өткен жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға төмендеді. Жыл басынан 229 мал басы ұрланып, жәбірленушілерге қайтарылып, тергеу жүргізу кезінде күдіктілерден жалпы 17 404 000 теңге келтірілген мүліктік шығындары өндірілген. Облыс бойынша жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 59 қылмыскер ұсталып, олармен жасалған 72 қылмыс дәлелденіп, тиісті шешім қабылданды. Сонымен қатар, 13 қылмыстық топ құрықталып, олармен 45 мал ұрлығы қылмысын жасағандары белгілі болды, оның 38-і ауыр түріндегі және 13-і “өткен жылдар” санатындағы қылмыстар. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға малдарды таңбалау, сырғалау мәселелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрақты негізде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізіледі, республикалық маңызы бар жолдарда және ұрланған мал таситын жерлерде бекеттер қойылды. Тәулік бойы ветеринариялық инспекторлармен бірге малдарды құжатсыз тасымалдауды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жергілікті жерлерде осы фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жазаға тарту үшін хаттама ресімделеді, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Шалхаров.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру