Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 қылмыстық топтың жолы кесілді

Алматы облысың полицейлері мал ұрлығымен айналысқан 4 қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы аумағында жыл басынан бері ірі қара малды ұрлауды кәсіп қылған 4 қылмыстық топтың жолы кесілді. Қазіргі уақытта олардың 13 қылмысқа қатысы бары дәлелденді.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 4 қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Олардың жалпы саны 56 бас мал жоғалған 13 ұрлық жасағаны дәлелденді. Қылмыстық топтар жымысқы әрекеттерін Алакөл, Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарында жасағаны әшкереленді. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 4 миллионнан астам шығын келтірілгені белгілі болды. Зардап шегушілерге 750 000 теңгенің материалдық шығыны өндірілді. Мал ұрлығының басты себебі мал иесінің бейжайлығы мен өзінің малын жайылымға қараусыз жібере салатыны болып отыр Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 77 мал ұрлығы тіркеліп, оның 40 дерегі ізі суымай ашылды», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған қылмыстық топ құрамында келесі тұлғалар болған.


Осы тұлғалардың әрекеттерінен зардап шеккендер болса, «102» нөміріне немесе жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру