Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

40 градус аязда жолда қалдырмады: ШҚО-да полицей жүргізушіге көмектесті

ШҚО-да полицей -40 градус аязда жолда қалған жүргізушіні құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда сағат 21:30 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Күршім аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Керейбаев рейдтік іс-шаралар барысында трассада қауіпті жағдайға тап болған жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетті.

Күршім – Үлкен Нарын тасжолында ауа температурасы –40 градусқа дейін төмендеген уақытта азаматтың автокөлігі бұзылып қалған.

Полиция қызметкері азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу шаралар қабылдап, көмек ұйымдастырып және жүргізушіні экстремалды ауа райы жағдайында жалғыз қалдырмай, тұрғылықты мекенжайына дейін жеткізген.

Тәртіп сақшысының жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында ықтимал қайғылы салдардың алды алынды.

Полиция жүргізушілерге қала сыртындағы трассаларға шыққанда ауа райы жағдайы мен көліктің техникалық күйін ескеру қажет екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру