Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қапшағайда әйел адам бұрынғы сүйіктісінің мемлекеттік нөмірін ұрлау арқылы кек алған

Полиция ұрланған мемлекеттік нөмірлерді тауып, автокөлік иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусым күні Қапшағай қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында тұрған автокөлігінің мемлекеттік нөмір белгілерінің ұрлағаны туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде күдікті 29 жастағы шағын аудандардың бірінің тұрғынын ұстады. Тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Күдікті қарым-қатынастарын тоқтатқан сүйіктісінен кек алу мақсатында ұрлыққа барғанын жеткізді.

Енді ұсталған әйел адам заң алдында жауап береді. Күдіктіге қатысты «Ұрлық» (ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелге үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру