Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

44 жастағы әйел алматылықтарды 25 млн теңгеге алдап кетті

44 жастағы әйел алматылықтарды 25 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау ауданының полицейлерінің мәліметінше, қала тұрғындарына “жақсы жағдай жасаймын” деп алдап кеткен 44 жастағы Д.есімді азаматшаны ұстады.

– Тергеу барысында әйелдің адамдардың сеніміне кіріп, жер телімдерін, пәтерлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынғаны анықталды. “Клиенттер” жеткілікті болды. Күдікті адамдардан “сатып алу” орнына қарай 2 миллионнан 7 миллионға дейін бастапқы жарнаны алып, сатып алушының ақшасымен із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта оның 14 алаяқтыққа қатысқаны дәлелденді, – дейді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Жалпы материалдық шығын – 25 млн теңгеден асады. Күдікті ұсталды және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Айтпақшы, бұрын Д.есімді азаматшаның соттылығы болған жоқ. Алайда оның басқа эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Осыған орай, азаматтарды суретке қарап, жеке басын анықтаған жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-708-374-74-25, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру