Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

46 жастағы шалқарлық мас күйінде көлік басқарған

Ақтөбе облысында 46 жастағы ер кісі басқару құқығынан айырыла отырып, көлікті мас күйінде тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шалқар АІІБ патрульдік полиция қызметкерлері 27 тамыз күні сағат 21-де Шалқар қаласы Ақтанұлы көшесінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Шевролет Круз» автокөлігін тоқтатты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқаруы).

Жүргізуші АББ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік ПБ аумағында тұраққа қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын КҚ басқару құқығынан айырылған, көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаны көздейді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру