Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 1632 армениялық көлік тіркелді

Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 1632 автокөлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Армениядан әкелінген көліктерді 1 қыркүйекке дейін тіркеу қажет.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 1632 автокөлік тіркелген, есепке қойылмаған 400-ге жуық автокөлік бар. Облыс тұрғындарына тіркелген барлығы 3152 автокөлік әкелінді. Оның ішінде 940 автокөлік тіркеуге жатпайды.

– Армениядан әкелінген автокөлік иелері 1 қыркүйекке дейін көлік құралдарын тіркеуі керек. Полиция департаменті аталған автокөлік иелерімен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Уақыт шектеулі, осыған байланысты автокөлік иелерінен Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын көрсетілген мерзімге дейін тіркеуді сұраймыз, – деді ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Оның айтуынша, eсепке қою шарттары ең оңтайлы және тез жүзеге асатын процесс, сары түсті нөмірлерді беру автокөлік басқа елде есепте тұратындығына және қос есепке алу мүмкін еместігіне байланысты жүзеге асырылады, көптеген азаматтар туындаған мәселелерге түсіністікпен қарайды, егер олар ІІО құзыретінде болса, полиция қызметкерлері әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Басқару органдары оң жақтан сол жаққа ауыстырылған қайта жабдықталған автокөлік иесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсынғаннан кейін ғана автокөлігін тіркей алады.

Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын сауда және интеграция министрлігі аккредиттеген сынақ зертханалары береді.

Қазір олар тек Қостанай мен Алматыда ғана бар, бірақ оларды басқа өңірлерде де сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті ашуды жоспарлап отыр.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көліктерді 1 қыркүйекке дейін тіркеу қажет екенін еске салады. Автокөлік иелері тіркеу үшін алым – 695 теңге; техпаспорт үшін баж – 3 473 теңге; мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге төлеуі қажет. Төлемнің жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс күндері және сенбіде 09:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбіде 09:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру