Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

47 жастағы ер адамның көлігін айдап кеткен ақтөбелік ұсталды

Ақтөбелік полицейлер 47 жастағы ер адамның көлігін заңсыз айдап кеткен ақтөбеліктерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні сағат 17.00-де Жанқожа батыр көшесіндегі үйдің ауласынан Ақтөбенің 46 жастағы тұрғынына тиесілі «SsangYong» маркалы автокөлігін айдап кеткен. Шығын 4 миллион 400 мың теңгені құрады.

Ұрлау фактісі бойынша полицияның кешенді күштерінің барлық жасақтары бағдарланып, «Тосқауыл жасау» жоспары жарияланды.

Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы ұрланған автокөліктің қозғалыс бағытын анықтап, кейін радиостанция арқылы полиция жасағына хабар берді. Ұрланған автокөлік Мәметова көшесі бойында «Керуен Сити» орталығының қасында табылып, тоқтатылды. Көліктің жүргізушісі 27 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.

Автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды не екі жұлға бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру