Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

49 мас жүргізуші анықталды

Жыл басынан бері қызылордалық полицейлер 49 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын мас күйінде басқару қылмыспен тең. Жүргізушілер спирттік ішімдіктер ішіп, өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретінін ойлауы керек.

Жыл басынан  бері облыс көлемінде көлік құралын мас күйінде басқарған 49 жүргізуші анықталды.

Мысалы, 8 қаңтарда патрульдік полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде «Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғынының  автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама ресімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру