5 күндік демалыста солтүстікқазақстандықтардан полицияға 1600-ден астам қоңырау түсті
Наурыз мейрамы күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамдардың мерекені ойдағыдай атап өтулері үшін жаяу және автопатрульдердің құрамында 230-дан астам қызметкер күн сайын Петропавлдағы заңдылық пен тәртіпті сақтауға түсті. Бейнебақылау операторлары қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығының мониторлары арқылы тәулік бойы облыс орталығы көшелері мен адамдар көп жиналатын жерлердегі жағдайды бақылап отырды. Олар 185 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 135-і – жол ережесінің бұзушылықтары.
Сонымен қатар, полицияның «электронды көздері» төрт қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік берді: ұсақ ұрлық, ұрлық, көлік құралын заңсыз иемдену және бұзақылық.
– 21-25 наурыз күндері «102» арнасына 1620 телефон қоңырауы түсті. Оның ішінде 390 хабарламаға полицияның жедел әрекет ету қажет болды, – деді СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Бақытжан Әлбеков. – Жұмыс күндеріндегі сияқты 25 факті ұрлыққа қатысты болды. Сонымен қатар, полицейлер тыныштықты бұзу фактілері бойынша 18 қоңырау қабылдап, 29 рет отбасында болған жанжалға және 22 рет – дене жарақаттары туралы хабарламаларға барды.