Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 жасар ұлына алимент төлемеген павлодарлық әйел жауапқа тартылды

5 жасар ұлына алимент төлемеген павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының тұрғыны бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

– Ағымдағы жылы алимент төлеу бойынша сот үкімін немесе шешімін орындамағаны үшін өңірдің 67 тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар алименттерді қасақана төлемеген төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Қабдулманап Акебаев.

Мысалы, 2018 жылы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынынан балалар үйінде тұратын кішкентай ұлын асырауға алимент өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Сот шешімі бойынша әйел ай сайын ұлына жалақысының 1/4 бөлігін кәмелетке толғанға дейін төлеуі керек еді.
Алайда ата-ана барлық талаптарды елемей, баласына ешқашан ақша төлемеген. Сот актілерін орындау міндеттілігі туралы сот орындаушыларының жазбаша хабарламалары мен ескертулеріне ешқандай әрекет жасамаған және пайда болған берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған.

Полиция атап өткендей, осыған байланысты сот әйелді Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау) бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Осыдан кейін де әйел өзі үшін тиісті қорытынды жасамады.

Осы уақыт ішінде әйел жұмыс істеді, жалақы алды, бірақ оны сот орындаушысынан жасырған. Қарызды өтеу және ай сайын алимент төлеу мүмкіндігіне ие бола отырып, ол алимент төлемеген.

Бүгінгі таңда әйел өзінің бес жасар ұлына бір жарым миллион теңгеден астам қарыз.

Соның салдарынан, 2021 жылғы 9 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оған пробациялық бақылау белгілей отырып, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру