50 құқық бұзушылық анықталды
Қостанай облысының аумағында "Ақбөкен" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында полицейлер "Ақбөкен" жедел-алдын алу шарасы аясында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 50 дерегін анықтады.
2020 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "ОХОТЗООПРОМ" РМҚК инспекторларымен және "Алтын дала" МДҚ РММ инспекторларымен бірлесіп "Ақбөкен"республикалық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Талғат Ахметовтің айтуынша, акция басталғалы бері мүдделі табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізетін 23 мобильді топ құрылған.
- 376 рейдтік іс-шара өткізілді,оның барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 50 дерегі анықталды. Оның ішінде заңсыз аң аулағаны үшін 40 құқық бұзушы, заңсыз балық аулағаны үшін 10 құқық бұзушы ұсталды, - деп атап өтті Т.Ахметов.