Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

56 жастағы қызылордалық бөтеннің ауласындағы велосипедін ұрлап кетті

Қызылордалық полицейлер кезекші тәулікте велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығының дерегі бойынша күдікті азаматты қолға түсірді. Жеңіл олжаға кенелгісі келген ол 56 жастағы облыс орталығының  тұрғыны болып шықты.
Күдікті күндізгі уақытта қала шетінде орналасқан үй ауласының қоршалмағанын пайдаланып  велосипедті ұрлаған.

Қазіргі уақытта күдіктінің облыс орталығының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Айғақ зат тәркіленді. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру