Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі сотталған азаматтармен кездесті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінде деструктивті діни ағымды ұстанушы сотталған азаматтарға теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қала аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндірмелік шаралар ұйымдастыру әлеуметтік қызметі аясында ЗК-169/5 мекемесінде деструктивті діни ағымды ұстанушы сотталған азаматтарға теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді.
Шараға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан және «Қамқорлық» дағдарыс орталығының психологы, психология магистрі Райхан Аманбайқызы қатысты.
Кеңшілік Тышқан сотталған азаматтармен топтық дәріс өткізіп, кейін жеке қабылдап, сотталған азаматтардың көкейлерінде жүрген күмәнді сұрақтарына жауап берді.
«Қамқорлық» дағдарыс орталығының психологы Райхан Аманбайқызы сотталған азаматтарға психологиялық кеңестер берді.
Кездесуден қажетті ақпарат алған жазасын өтеушілер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.