60 жастағы ішкі істер органының ардагері әлем және Азия чемпионы атанды
60 жастағы ішкі істер органының ардагері әлем және Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай ауданының құрметті азаматы, ішкі істер саласының қылмысты іздестіру бөлімінде абыройлы қызмет етіп, бүгінде зейнетке шыққан ардагер Сапар Сүлейменовтың спорт саласындағы жетістіктерін мақтанышпен жеткіземіз.
Полиция қызметкері бола жүріп, спортты серік еткен ардагеріміз қарттық жеткен шағында да, қалыс қалмай, ауқымды додаларда бақ сынап келеді.
Мәселен Қарағанды қаласында өткен “World Cup” яғни “Алтын батыр” кубогі бойынша әлем чемпионатына қатысты. Спорттың 100 түрінен өткізілген бұл жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 1200-ге тарта спортшы жарысқа түсті.
Осы әлемдік сайыста Сапар Сүлейменовтың спорттың пауэрлифтинг пен стритлифтинг (ауыр атлетика) түрінен 90 келі салмақта өнер көрсетіп, айқын басымдықпен әлем чемпионы атанды.
Сапар Сүлейменовтың тағы бір жетістігі 6 тамыз күні ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысып, жүлделі І-орынды жеңді.
Бүгінде ардагер, өзі қызмет еткен Түркістан облысы Жетісай ауданының полициясындағы жас мамандарға тәлімгерлік жасап, жұмыс барысындағы өзінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қылмыстық істерді жедел ашуға көмектеседі.