600-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Қызылордада жыл басынан бері 600-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыста жыл басынан бері барлық анықталған құқық бұзушылықтар саны – 538, бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш.
Атап айтқанда, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 223 дерегі тіркелсе, ұсақ бұзақылықтың 65 дерегі тіркелген. Тыныштықты бұзудың 121 дерегі, ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 12 дерегі орын алған.
Белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 5 дерегі, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзудың 16 дерегі анықталды.
Қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдірудің 50 дерегіне жол берілген.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуының 54 дерегі тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берудің 2 дерегі тіркелді.