7 күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткенді полицейлер аман-есен тапты
Қызылордада жеті күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткенді полицейлер аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 18 жастағы қыздың анасы арызданған болатын. 18 қазан күні қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны туралы айтып, 102 арнасына хабарлама түсірген.
Полиция қызметкерлері 7 күннің ішінде жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 23 қазан күні азанғы уақыт 08:00-де қала орталығының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.
Полицейлер табылған бойжеткеннің және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.