Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

7 тонна дизель отынын заңсыз тасымалдау дерегі анықталды

Қызылордада 7 тонна дизель отынын заңсыз тасымалдау дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 9 желтоқсанда қызмет атқару кезінде Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде «Зил-130» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның ілеспе құжаттарсыз 7 тонна дизель отынын тасымалдағаны анықталды.

Тексеру барысында күдіктінің бұрын мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін сот шешімімен айыппұл төлеп, 50 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабының 1-бөлігімен (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру