Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8 тұрғынды алдаған алаяқ анықталып, қамауға алынды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері бірнеше тұрғынды алдаған алаяқты қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оған өзінің танысы 15 соттық төрт жер телімін алып беретінін айтқан. Содан танысының сөзіне сеніп 1 миллион 800 мың теңге ақша берген. Алайда осы уақытқа дейін не жер телімін, не ақшасын қайтарып ала алмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, тез арада іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті.

Орын алған алаяқтық қылмысына байланысты ТО ПД Тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, қарқынды жұмыстар атқарылды.

Нәтижесінде күдікті азаматтың жеке-басын анықтап, жергілікті мекен жайынан ұстап ПБ-не жеткізді.

Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің осындай алаяқтықпен тағы сегіз тұрғынды алдап жүргені анықталды. Тіпті олардың кейбіреулеріне жалған құжат дайындап беріп, әрқайсысынан ақша алып отырған.

Жәбірленуші азаматтардың бірі заңсыз жер телімін алып, үй құрылысын бастап кеткен. Осыған байланысты соттан мемлекеттің жерін заңсыз иеленгендігі бойынша айыппұл келгеннен кейін құжаттардың жалған екенін, өзінің алданғанын білген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3,5 миллион теңгеге жуық. Арбауына түсіріп, алаяқтықпен тұрғындарды сан соқтырып кеткен күдіктінің ісімен бүгінгі таңда тергеушілер тиянақты жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда күдіктіні қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтың айласына көніп қалмаңыздар деп ескертеді. Кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат тапсырарда тікелей мамандарға баруларыңызды сұрайды. Ортадан «істеп беремін деген белгісіз жандарға» сенбеуге шақырады. Егерде алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, «102» телефонына шұғыл түрде хабарласыңыздар. Тез арада берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру