Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

80 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 80 мыңнан астам жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер жолда түрлі құқық бұзушылықтарға жол беріп жатады, олар ұсақ құқық бұзушылықтардан бастап, бағдаршамның қызыл түсіне өту және масаң күйде көлік жүргізу секілді өрескел құқық бұзушылықтар болып табылады.

2020 жылдың 12 айында Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторлары 80 227 әкімшілік хаттама толтырып, оның ішінде көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 10 684  жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 16 259 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа жүргізуші куәлігінсіз жүрген 8 298 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 1 704 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолына 696 жүргізуші шыққан. Жылдамдықты асырған жүргізушілер саны – 1 295, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 70%-ға азайды. Сондай-ақ жүргізушілер жолда басқа да көптеген құқық бұзушылықтарға жол береді.

Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге ауа райы қолайсыз кезде және қараңғы уақытта мұқият болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдері алдында жылдамдықты азайту қажет екендігін, әсіресе балалардың күтпеген жерден жолға шығу ықтималдығы жоғары екендігін еске салады.

Өңірде өткен жылы жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін 1 471 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылған. 2020 жылы 7 644 жаяу жүргіншіге айыппұл салынған.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру