Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

87 шетелдік азамат СҚО-да уақытша тұруға рұқсат алды

87 шетелдік азамат СҚО-да уақытша тұруға рұқсат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстанның 8 мыңға жуық тұрғыны карантиндік шаралардың салдарынан жеке басты куәландыратын құжаттарды дер кезінде ресімдей алмады. Олардың 1700-ден астамы 16 жасқа толған облыс тұрғындары, яғни өздерінің алғашқы жеке куәліктерін алушылар. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы атап өткендей, аталған азаматтарға әкімшілік шаралар қолданылмайды. 18 мамырдан бастап олар Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарын ресімдей алады.

– Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезінде өткен және ол тоқтатылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды деп танылады. Мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін ауыстыру қажет, – деді СҚО ПД Көші-қон қызметінің басқармасының басшысы Талғат Әбілов.

13 мамырда Көші-қон қызметі орталығы, сондай-ақ көші-қон қызметінің аумақтық бөліністері барлық санитарлық нормаларға сәйкес бұрынғы режимде жұмыс істей бастады, сонымен бірге белгілі бір мемлекеттік қызметтерді әр түрлі уақытта алу кестесі жасалды.

– Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша түске дейін, ал 14.30-дан кейін – тұрақты тұруға рұқсат алуға жүгінуге болады. Уақытша тұруға рұқсат пен еңбек патенті жұмыс күні ішінде ресімделеді. Мұндай кесте бір мезгілде келушілердің санын азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Талғат Әбілов.

ТЖ режимі кезеңінде белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге қандай да бір шаралар қолданылмайды. СҚО-да осындай жағдайда карантин уақытында 1500-ге жуық шетелдік қалған.

– 10 шілдеге дейінгі мерзімде қосымша құжаттарды ресімдемей-ақ ҚР тыс жерге шыға алады. Ал Қазақстанда қалуды жоспарлағандар өзінің құқықтық мәртебесін реттеуіне, оның ішінде ҚР-да уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдей алады. Еңбек иммигранттары біздің еліміздің шегінен тыс жерге шықпастан патент алу үшін жүгінуіне болады, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасында.

ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін алғашқы екі күнде СҚО көші-қон қызметіне 120 астам азамат жүгінген, оның ішінде 87 шетелдік уақытша тұруға арналған рұқсат ресімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру