Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

9 жасар павлодарлық полицейлерді мерекемен құттықтады

Павлодар облысы Железин ауданының  бақылау-өткізу пунктіне қолына сурет ұстаған 9 жасар ұл бала келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23-маусым – Қазақстан полициясы күні, жұмыс күнінің соңында Железин ауданы полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне қолына сурет ұстаған 9 жасар ұл бала келді. Бақылау-өткізу пунктінің кезекшісін көрсе де абдырап қалмай, келу мақсатын айтқан. 9 жасар Барабанов Максим Қазақстан полициясы күніне сурет салып, полицейлерге тарту етті. Оның сөзі бойынша мереке жайында әжесінен білген. Кейін әпкесі екеуі сурет салып, полицейлерге табыстауды жөн көреді. Максим салған суретте полиция бөлімі, полицейлік машиналар мен полиция қызметкері бейнеленген. Бейнелеген полиция қызметкері болашақтағы өзі екендігін айтты.

Кішкентай Максимнің полиция бөліміне келуі Железин ауданы полиция бөлімінің басшылығы үшін күтпеген әрі қуантарлық жағдай болды. Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мансұр Болатұлы болашақ полицеймен тілдесіп, алдағы өміріне сәттілік пен биік белестер тіледі. Сонымен қатар, бөлім бастығы естелікке сыйлықтар тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру