Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Паблик әкімшісі Instagram желісінде СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Паблик әкімшісі Instagram желісінде СҚО полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік қоятын орынның жетіспеушілігі – қазіргі қалаларда жиі кездесетін мәселе. Көпқабатты үйлердің аулаларында бір алақан жер үшін қызған талас орын алып жатады. Instagram желісіндегі петропавлдық танымал пабликтердің бірінде аулада көлік қоятын орынды өз бетімен қоршаа алғаны туралы жарияланым пайда болды. Жарияланымды полицейлер интернет-кеңістікті маниторингілеу кезінде анықтаған. Оқиға орнына келген полицейлер өз беттерімен жасаған қоршауды бұзуды қамтамасыз етіп, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін автокөлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Паблик әкімшісі СҚО ПД аккаунтының Direct-іне туындаған мәселеге жедел ден қойғаны үшін алғыс білдірді.

– Бүгінгі күні адамдардың басым бөлігі қандай да бір мәселені талқылау үшін интернет-байланыс мүмкіндіктерін пайдаланып жатады. Жарияланымдарда полицияның жедел ден қоюын талап ететін мәліметтер жиі ұшырасады. Тек қараша айының өзінде қызметкерлер осындай 118 пост анықтады. Олардың әрқайсысы бойынша тексеріс жүргізіліп, шешімдер қабылданды. Көтерілген мәселелерді шешу құзіретіне кіретін қызметтердің жауаптары міндетті түрде әлеуметтік желілерде жарияланады. Құқықтық тәртіпті нығайту – полиция мен азаматтардың ортақ ісі. Сонымен қатар, полицияға тікелей телефон арқылы немесе «102» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласқан тиімді екенін ескертеміз. Бұл хабарламаның уақтылы тіркелуіне кепілдік береді, сигналға ден қою уақытын қысқартады, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру