Сот заңсыз қару алып жүрген кентаулыққа қатысты шешім шығарды
Сот заңсыз қару алып жүрген кентаулыққа қатысты шешім шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-не қала көшелерінің бірінде жергілікті тұрғын өзімен бірге 16 калибрлі тегіс бір ұңғымалы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені бойынша хабарлама келіп түседі.
Тәртіп сақшылары аталған қылмыстық жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды заңсыз тасымалдау немесе алып жүру) бойынша бірден тіркеуге алды.
Сондай-ақ тексеру жұмыстарының нәтижесінде күдіктіден қару оқ-дәрісімен қоса тәркіленіп алынды. Дәлел ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған. Тексеру барысында күдікті өзін қорғау мақсатында қаруды алып жүргенін айтты. Осылайша тәртіп сақшылары іс-құжаттарды жинақтап, сотқа жолдады.
Кентау қалалық сотының шешімімен күдікті ер адам ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.