Атырауда жыл басынан 200-ге жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынды
Атырауда жыл басынан 200-ге жуық көлік жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында ең көп көңіл бөлінетіні – ол алдыңғы жарық беру аспаптарына ксенон/ LED қондырған көліктер. Себебі осындай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін жүргізушілердің көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алуы мүмкін.
Соңғы уақытта көлік жүргізушілерінен Ксенон/LED жарық шамдарына қатысты шағымдар көбеюде. Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері бір апта ішінде, яғни 1-7 ақпан күндері аралығында көлік құралдарына Ксенон/LED жарық шамдарын орнатып жүргізген 60-қа жуық жүргізушіні анықтады.
– Мәселен, 6 ақпан күні сағат 22:48 шамасында Жастар көшесі, Көктем базары тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен Армения республикасында тіркеуде тұрған Lexus IS250 көлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған көліктің 22 жастағы жүргізушісі көлік құралдарына Ксенон/LED жарық шамдарын орнатып жүргізгені анықталды. Сонымен қатар, аталған азаматтың дәл осы құқық бұзшылықты екінші рет қайталап тұрғандығы белгілі болды. 22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігімен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды, – дейді патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаев.
Одан басқа, 6 ақпан күні сағат 22:49 шамасында С.Бейбарыс көшесі 26 үй тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен Toyota Land Cruiser Prado көлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде, аталған көліктің 50 жастағы жүргізушісі көлік құралына Ксенон/LED жарық шамдарын орнатып жүргізгені анықталды.
– 50 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) үшін әкімшілік хаттама жасақталып, 15 315 теңге айыппұл салынды, – деп толықтырды патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаев.
Еске сала кетейік, осы жыл басынан көлік құралдарына Ксенон/LED жарық шамдарын орнатып жүргізген 200-ге жуық жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды.