Қызылордада 100-ге жуық сотталған жұмыспен қамтылған
Қызылордада 100-ге жуық сотталған жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде130-дан астам сотталған жазасын өтеуде. Оның 100-ге жуығы жұмысқа орналастырылған. Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Айгүл Ботпанованың айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған.
– Қазіргі таңда 25 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемлекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады. Жуырда тағы бес сотталған көлік жуу орталығына жұмысқа орналастырылды. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100% жұмыспен қамту жоспарланған, – дейді А.Ботпанова.