Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицейлерге жыл басынан із-түссіз жоғалғандар туралы 49 арыз түсті

Солтүстікқазақстандық полицейлерге жыл басынан із-түссіз жоғалғандар туралы 49 арыз түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдық полицейлермен 48 жастағы Коржан Андрей Владимирович іздестірілуде. Ол 28 ақпан күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Бойы шамамен 180 см. Үстінде жағасы бар қара-көк курткасы, қара-көк джинсы, аяғында қара етігі болған. Тәртіп сақшылары іздеудегінің жүрген жері туралы қандайда бір ақпарат болған жағдайда «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

– Кейбір адамдар өз жоспарлары туралы жақындарына айтпай үйінен кетіп қалады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бірі жұмыс іздеп, басқа аймақтарға кетіп қалса, енді бірі ішімдікке әуестеніп, таныстарымен көңіл көтеруге кетеді. Оларды іздеуге шығып, еш нәтиже болмаған жағдайда туыстары полицияға жүгінеді, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Арыз келіп түскен кезде тәртіп сақшылары бірден іздестіру іс-шараларын өткізуді бастайды. Бірден жоғалғандар туралы бағдарлар барлық полиция бөліністері мен қызметтеріне таратылады. Жоғалу себептері әр түрлі. Оларды іздеу едәуір ресурстарды қажет етеді.

Биылғы жылдың екі айында облыс бойынша полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 49 өтініш келіп түскен. Олардың барлығы іздестіріліп, кезекші тәулік ішінде 47 адамның жүргені жері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру