«Пәтер алып беремін»: шымкенттікті 38 млн теңгеге алдап кеткен жігіт ұсталды
Шымкентте екі бөлмелі пәтер алып беремін деп тұрғынды 38 млн теңгеге алдап кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, бұрын-соңды таныс емес азамат жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп сендіріп, 38,3 млн теңгесін алған.
Алайда азамат арадағы уәдені орындамай, телефонға жауап бермей «ізін суытқан». Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Еңбекші АПБ криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.